Халықаралық интеграция

Қазақстандықтар үшін БАӘ-мен визасыз режим жұмыс істейтін болады

Қазақстандық тарап екі мемлекеттің азаматтарын 30 күнге дейін визадан босату көзделетін құжаттың күшіне енуі үшін ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ясер аш-Шималимен кездесу барысында мәлім етті.
Астана қаласы26 Тамыз , 12:03

Ясер аш-Шимали әмірліктер тарапынан Қазақстан азаматтарының БАӘ-ге визасыз баруына мүмкіндік беретін қол қойылған екіжақты хаттаманың күшіне енуі үшін ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағалы жатқанын хабарлады.  

ҚР СІМ мәліметі бойынша 2017 жылғы қыркүйекте БАӘ Үкіметінің қаулысы бекітілгеннен кейін Әмірліктердің барлық мемлекеттік органдары, сондай-ақ Абу-Даби, Дубай және басқа да әмірліктердің халықаралық әуежайлары осы жайында ақпараттандырылып, өздерінің ішкі ережелеріне өзгерістер мен түзетулер енгізетін болады. 

БАӘ СІМ КҚД директорының пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің күшіне ену мерзімі - 2017 жылғы қазан-қараша. 

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 23 мамырда Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен БАӘ сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен кездесу қорытындылары бойынша ҚА мен БАӘ азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы хаттамаға қол қойылған болатын. 




Яндекс.Метрика