Білім беру

Көкшетау қаласы мектептерінің бірі 19 млн теңгеден астам қаражат алды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімованың қатысуымен Ақмола облысы білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз жиналысы өткен Ақмола облысының Көкшетау қаласы мектептерінің бірі 19 млн теңгеден астам қаражат алды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
Ақмола 26 Тамыз, 11:34

Іс-шара барысында өткізілген "Орта білім саласының үздік ұйымы" атты облыстық байқау қорытындылары бойынша Көкшетау қаласындағы "Таңдау" №5 көп бейінді гимназиясы Гран-при иеленіп, 19 миллион 567 мың теңгеге сертификатпен марапатталды. 

Облыс әкімінің орынбасары биылғы жылы білім беру саласын тұрақты қаржыландыру қамтамасыз етіліп, оның жұмыс істеуіне 69 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті. 

«5 млрд теңге сомасына 18 білім беру объектісі салынып, қайта жаңартылуда, Бұл шаралар Көкшетау, Щучинск қалалары мен Целиноград ауданында үш ауысыммен оқуды жоюға, сондай-ақ оқушыларды оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп ақпараттандырды ол.

Оның айтуынша, білім беру объектілерін күрделі жөндеу жалғасуда. Биыл осы мақсаттарға 1,4 млрд теңге қаражат бөлінген. Білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайтуға едәуір көңіл бөлініп отыр. мысалы, 1,1 млрд теңгеге оқулықтар сатып алынса, 460 млн теңгеден астам қаражат мектептер үшін мультимедиялық жабдық пен жаңа оқу кабинеттерін алуға бағытталған. 

Бұдан бөлек, өңір мектептерінде білім беру процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар белсенді қолданылуда. 





Яндекс.Метрика