Халықаралық интеграция

Қазақстанның СІМ басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры Эрих Солхейммен кездесті.
Астана қаласы 26 Тамыз, 11:09

ҚР СІМ-де хабарлағандай, Қ. Әбдірахманов Астанада "Болашақтың энергиясы" жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталығын құруда ЮНЕП-тің қолдау көрсетуін атап өтті. Алматыда көпжақты дипломатия өңірлік хабын қалыптастыру мәселелері талқыланды.  

«Қазақстан Юнеп-пен бірлесіп, қоршаған орта проблемаларын шешу бойынша жобаларды іске асыруға одан әрі белсенді қатысуға ниетті», - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Э. Солхейм Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманның күрделі дауларын реттеуге бітімгерлік күш салуын, сондай-ақ оның халықаралық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ауқымды бастамаларын ерекше атап өтті. 

Кездесуде БҰҰ Бірінші комитеті аясында жаһандық қарусыздандыру, киберқауіпсіздік және өзара іс-қимыл проблемалары талқыланды. 

Қ. Әбдірахманов Ғылым және халықаралық істер бойынша ғалымдардың Пагуаш қозғалысының президенті Джаянт Дханапаламен және БҰҰ Бас хатшысының қарусыздандыру мәселелері жөніндегі бұрынғы орынбасары Ангела Кейнмен кездесті. Қазақстандық министрдің айтуынша, 25-29 тамызда Астанада өткізілетін Пагуаш қозғалысының мерейтойлық конференциясы ірі оқиғаға айналып, жаһандық қарусыздандыру мен таратпау ісіне үлкен үлес қоспақ.  

ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуровпен кездесуде мемлекеттердің басшылары, министрлер мен қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары деңгейінде ҰҚШҰ отырыстарын өткізу, сондай-ақ 2018 жылы Қазақстанның Ұйымға төрағалық етуінің басымдықтарын жоспарлау мәселелері қаралды. 





Яндекс.Метрика