Рухани жаңғыру

Ғылымға беймәлім жерлерді түгендеу үшін этно-мәдени экспедиция жолға шығады

«Стратегия» пікірталас клубының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының саяси идеологиялық маңызды мәселелеріне арналған кезекті кездесуінде «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали қасиетті жерлердің тізімі қалай анықталатыны туралы айтып берді.
Астана қаласы25 Тамыз , 17:50

«Бұл нысандар Астанада анықталмайды. Олар жергілікті жерлерде аймақтардан ұсыныстар беріледі. Осыған байланысты арнайы орталықтың негізінде сараптамалық кеңес құрылды.  Бізге 700 –ге жуық ұсыныс келді. Жалпы ұлттық деңгейдегі  киелі жерлер деп Елбасының мақаласында көрсеткендей бөліп аламыз, ол 100 деп көрсетілген, алайда бұл шартты түрде. Бұл соңғы шешім емес, ол шексіз. Бұл әлі толық анықталмаған», - деді Берік Әбдіғали.

Бүгінде ғылым білетін киелі жерлер бар және ғылымға беймәлім қасиетті, киелі жерлер бар. Осы ретте, спикердің айтуынша осындай жерлерді анықтау үшін алдағы қыркүйек-қазан айларында  еліміз бойынша этно-мәдени экспедиция жолға шығатынын атап өтті.

«Осы екі айдын ішінде елеміз бойынша қыркүйек-қазан айларында этно-мәдени экспедиция жолға шығады. Олардың мақсаты жергілікті ақсақалдармен ақылдаса отырып, киелі, қасиетті жерлердің құжатын жасау, оларды анықтау болып табылады. Соның негізінде биылға деген толық тізім жасалады деген жоспар бар. Бұл жұмыс алдағы жылдары да жалғасады», - деді спикер.

Осы ретте, спикер  модератордың аталмыш тізімге халық арасында кеңінен танылған, алайда соншалықты маңызы жоқ жерлер еніп кетпей ме деген сұрағына жауап берді.

«Әрине ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жердің әр бөлшегі бізге қасиетті.  Алайда бұл кез – келген жер енгізіле береді деген сөз емес. Біз тізімге киелі жерлерді енгізуде оның архитектуралық, археологиялық сипатына  емес, бірінші кезекте ол туралы аңызға басымдық береміз», - деді ол.

Бұған дейін, Астана радиосы» мен «Қазақ радиосы» эфирінде «Стратегия» пікірталас клубының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының саяси идеологиялық маңызды мәселелеріне арналған кезекті кездесуінде «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали «Қасиетті Қазақстан» жобасы ескерткіштерге емес, рухани құндылықтарға арналған кешенді жоба екенін хабарлады. 




Яндекс.Метрика