Рухани жаңғыру

Д.Мыңбай: «Қасиетті Қазақстан» ескерткіштер туралы жоба емес

Қасиетті Қазақстан» жобасы ескерткіштер туралы жоба емес. Ескерткіштер мен киелі жерлер туралы әрбір ақпаратты адамдардың жүрегіне жеткізу туралы, деді «Стратегия» пікірталас клубында ««Рухани Жаңғыру» бағдарламасының саяси идеологиялық маңызы» тақырыбында өткен отырыста ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай.
Астана қаласы25 Тамыз , 18:20

««Қасиетті Қазақстан»  жобасы  ескерткіштер туралы  нәрсе емес. Ескерткіштер мен киелі жерлер туралы әрбір ақпаратты адамдардың жүрегіне жеткізу.  Яғни, санаға жеткізу. Осыны пайдаланып, барлығына ескерткіштерді  ашу мақсаты қойылып отырған жоқ. Әлкей Марғұланның киелі  жерлерді анықтап  жазғаны туралы бар. Мысалы,  сол сияқты материалдарды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет», - деді ҚХА төрағасының орынбасары. 

Сондай-ақ, Д.Мыңбай  жергілікті жерлердегі киелі орындар туралы ақпарат жинау үшін жоғарыдан тапсырма күтудің қажет еместігін айтты.

«Жақында Кенесарының үңгіріне барған болатынбыз, ақпар қысқаша ғана жазылған,   ешқандай қосымша, толықтырылған  ақпарат жоқ. Оның барлығын жергілікті жердегілер тапсырманы күтіп отырмай,  өздері ізденіп,  тізімге алып, жүйелеуі керек. Бұл жерде, ғалымдар мен журналистерге, зиялы қауымға жұмыс табылып отыр», - деді Д.Мыңбай.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика