Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жыл басынан бері «Өрлеу» бағдарламасына 122,9 мың адам қатысты

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдайға сәйкес, "Өрлеу" жобасына қатысушылар саны 122,9 мыңға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есеге артық, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Астана қаласы 26 Тамыз, 10:07

Жоба жүзеге асырылған уақыт аралығында, оған қатысушылар кірісі 3 еседен астамға өсті. Сәйкесінше, еліміз бойынша аз қамтылған отбасылардың қатары азайғаны байқалды.

«Өрлеу» бағдарламасына елдің барлық аудан-қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған отбасыны тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған. Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушы отбасылардың атаулы көмекпен қоса еңбекке жарамды мүшелері үшін оқу ақысын өтеу, әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақыға 35% субсидия, жоғары оқу орындарын бітірушілерге арналған ақылы тәжірибеден өту және дербес кәсіп ашуға несие сынды мемлекеттік көмек түрлерін алуға мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада. 

«Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба  атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталып отыр.

Жаңа сипаттағы АӘК жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 50 пайыздан төмен болатын отбасыларға арналып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жүргізілмек.





Яндекс.Метрика