Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс кәсіпорындары ынтымақтастық туралы келісті

РФ Мәскеу облысында «Әскер-2017» III Халықаралық әскери-техникалық форум аясында қазақстандық және ресейлік қорғаныс-өнеркәсіптік кешендері арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер жүзеге асты.
Әлемде 25 Тамыз, 18:31

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлағандай, «Семей инжиниринг» АҚ  мен «КАМАЗ»  Сыртқы сауда компаниясы»  АҚ  жетекшілері   құрышты танк техникасы үшін  күш агрегаттарын жеткізу туралы келісімге қол қойды.

«Семей Инжиниринг» АҚ мен «Уралвагонзауыт»  ғылыми-өндірістік корпорация»  АҚ  Т-72 танкінің құрамын жеткізу бойынша келісті.

«Семей инжиниринг» АҚ мен «Рособоронэкспорт» АҚ арасында құрышты танк техникасы мен қорғалған автокөліктерге техникалық құжатнама, құрылғы мен технологиялық бөлшектерді жеткізу  бойынша келісім орнатты.

Сондай-ақ, «Семей инжиниринг» АҚ мен Арзамас машина жасау зауыты  құрышты транспортерлерге арналған  агрегат жеткізуге келісті.

 





Яндекс.Метрика