Рухани жаңғыру

Қазақстан Жастар дамуының жаһандық индексінде 61 орынға ие болды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов жастар саясаты саласындағы негізгі басымдықтар туралы айтып өтті.
Астана қаласы 25 Тамыз, 17:14

«Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ең негізгі 5 бағыт бар.  Оның ішінде,  бірінші бағыт - ауыл және қала жастарының арасындағы мүмкіндіктер алшақтығын төмендету, жастарды әлеуметтендіру мен олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, екінші бағыт - «әлеуметтік лифтілер» жүйесін дамыту, үшінші бағыт - жас отбасыларды қолдау, бала тәрбиесіне ерекше назар аудару, төртінші бағыт - жастармен жұмыс істейтін аппараттың кадрлық әлеуеті мен сапасын арттыру, бесінші бағыт - ведомствоаралық үйлестіруді жетілдіру», - А. Нүкенов.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілетттілік» жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаларындағы ой-тұжырымдар бірінші кезекте жастарға бағытталған.

«Бұл құжаттарда  айтылған құнды міндеттер мен ұсыныстарды ой елегінен өткізу жастардың болашақта табысты болуының маңызды кепілі болмақ. Алға қойған мақсаттарда орындауға жастарды  жұмылдыру біз үшін аса маңызды» - деп атап өтті Абзал Нүкенов.

Вице-министрдің сөзінше, осы бағытта бүгінде министрлік тарапынан ұсыныстар жасалған. Атап айтсақ, жастарды ерте кәсіби бағыттауға арналған «Түлектер тақтасы», «Абай жолы» ұлттық құндылықтар мектебі» жобалары, «Отбасы сағаты» жалпыұлттық акциясын өткізу сияқты. Сонымен қатар, министрліктің бастамасымен «Дарын» жастар сыйлығы жыл сайын табысталатын болды.

Тұтастай алғанда, Қазақстан әлемдегі 183 мемлекет бағаланған Жастар дамуының жаһанды индексінде 61 орынды иеленді.

 





Яндекс.Метрика