Халықаралық интеграция

К.Муттонен Қазақстанның ұлттық дәстүрді жаңғыртудағы жұмысын бағалады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы, Австрия Республикасы Парламенті Ұлттық Кеңесінің депутаты Кристин Муттоненмен кездесті.
Астана қаласы25 Тамыз , 16:57

Нұрлан Ермекбаев кездесу барысында министрліктің атқарып отырған қызметі туралы және конфессияаралық қатынас орнатуда Қазақстанның жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғады.

«Қазақстан этноконфессиялық құрамымен ерекшеленеді. Елімізде 100-ден аса өзге этнос өкілдері тұрып жатыр.  Бұл ретте, қазақ елінің көпконфессиялы қоғамда татулықты нығайту, қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету тұрғысында өзіндік бірегей тәжірибесі бар. Еліміздің осынау тәжірибесі әлемдік қауымдастық алдында зайырлы мемлекеттің тұрақты даму моделі ретінде қабылданды», - деп атап өтті министр Нұрлан Ермекбаев.  

Дін істері және азаматтық қоғам министрі қабылданған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасына және Министрлік әзірлеп жатқан Заң жобасының маңыздылығына айрықша тоқталып өтті. 

Ведомство хабарлағандай, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Кристин Муттонен ханым мемлекет пен діни ұйымдары сұхбатының қазақстандық тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Ұлттық дәстүрді жаңғырту және діни экстремизмнің көрінісі мен жат идеяларға қарсы тұрудағы мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту жұмыстарын жоғары бағалады.

Кездесу барысында тараптар әріптестікті дамытудың преспективалық бағыттарына және жақында ғана ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында құрылған терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Комитетімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.    

Кездесуге сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы Роберто Монтелла және Австрияның Қазақстандағы Елшісі Герхард Сайллер қатысты.  

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекет ретінде қабылданғанына 25 жыл толып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика