АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Агроөндірістік инвестфорум қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды

«Agro Invest Forum 2017» агроөндірістік инвестфорум аясында Қазақстанның агроөндірістік кешені саласына инвестиция тарту бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Астана қаласы 25 Тамыз, 14:32

Агроөнеркәсіптік форум барысында қол қойылған келісімдер мен меморандумдар:

 Қазақстанның АӨК шағын және орта кәсіпорындарын 100 млн.еуро сомасына несиелеу үшін АНК және ЕИБ арасындағы қаржы шарты;

Ақтөбе облысында алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан) компаниялары арасындағы келісім. Бұл Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардың бірі.

 «ҚазАгро» холдингі» АҚ және « Da Vinci Capital» компаниясы арасындағы тікелей инвестициялардың аграрлық қорын құру жөніндегі келісім.

Азия Даму Банкі және «ҚазАгро» холдингі» АҚ  арасындағы Қазақстанның ауылшаруашылық секторына оның экономикалық әртараптануын қолдауға инвестициялар тарту жөніндегі  өзара түсіністік туралы меморандум.

 «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы және  «RACS Quality Certificates Issuing Services LLC» компаниясы  арасындағы  өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат қазақстанның ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне Парсы шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ПШАМЫК) кіретін елдерде мойындау мақсатында Халал өнімдерін сертификаттауға көмек көрсету бөлігіндегі  ынтымақтастықты болжайды;

 «ҚазАгро» холдингі» АҚ және  «Узагротехмаш» АҚ  (Өзбекстан Республикасы) арасындағы ауылшаруашылық машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

«Агротехнологияларды коммерциялау және трансферт орталығы» ЖШС және «PHOENIX FEED MILLS» LLP компаниясы және «SAB Agrobusiness» LLP компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар.

Құжаттар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын әртараптандыру жөніндегі артықшылықтарын ескере отырып инвестициялық белсенділікті кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру бөлігіндегі  ынтымақтастықты болжайды.

«Соңғы бес жылда «ҚазАгро» холдингі мен оның еншілес компаниялары  АӨК секторына  1,3 млрд доллар, 600 млн еуро мен  1,5 млрд рубль  немесе 375 млрд теңге  шетелдік инвестиция тартқан», - деді «ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқарма төрағасы  Нұрлыбек Малелов.

Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығындағы және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау.

Бұл шараға әлемнің 18 елінен шамамен 200-ден астам қатысушы келді. Оның ішінде ірі шетелдік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының шамамен 40 өкілі, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнестің мүдделі өкілдерінің кеңейтілген тобы қатысты.

Инвестициялық форумда іскерлік қатынастарды қалыптастырудан басқа, отандық бизнестің шетелдік серіктестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі келтіруі мүмкін бірқатар проблемалық мәселелер де талқыланды.

Ақбота Күзекбай 

 

 

 





Яндекс.Метрика