Білім беру

Алматы облысында жыл соңына дейін 35 мектеп пайдалануға беріледі

Алматы облысында жыл соңына дейін 35 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс басшысы Амандық Баталов Талдықорғанда өткен тамыз конференциясында айтты.
Алматы 25 Тамыз, 15:36

«Алматы облысының білім беру саласының бюджеті 153,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде білім беру нысандарының құрылысына 27 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Өңірде 48 білім беру нысанының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 44 мектептің 35-і пайдалануға беріледі. Білім күнінде 24 жаңа мектеп өзінің алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердің 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өткен жөн

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауының арқасында білім берудің қазақстандық үлгісі дамудың жаңа сатысына көтерілуде, белсенді түрде заманауи инфрақұрылым қалыптасуда. Сол себепті, күш-жігерімізді бір арнаға бұрып, барлық бағыттар бойынша бірлесе жұмыс жасаумыз қажет. Біздің мақсатымыз ортақ, ол еліміздің өскелең ұрпағына сапалы білім беру, ұлт жанды, еліміздің мақтан тұтар азаматтарын тәрбиелеп шығу», - деді А. Баталов.

Өңір басшысы үш тілде оқытуды жетілдіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мәселесімен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі ерекше бақылауда тұрғандығын ескертті.

 





Яндекс.Метрика