АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақмола облысындағы егін алқабының 300 мыңнан астам гектары зерттеуден өтті – әкімдік

Ақмола облысындағы Агрохимиялық зертхана аймақтағы егін алқабының 300 мыңнан астам гектарын зерттеуден өткізді, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ақмола 25 Тамыз, 14:54

Ақмола облысы Жақсын ауданындағы «AgroComplexExpert» зертханасының ақмолалық жер қыртысын зерттеуі мен агрохимиялық анализ нәтижесі егін алқабы Р (фосфор) микроэлементін қажет ететінін көрсетті.  Зерттеу жұмысының нәтижесіне сай зертхана аграрийлерге тыңайтқыш таңдау бойынша ұсыныс береді. 2010 жылдан бастап күні бүгінге дейін компнаия 300 мың гектардан астам егін алқабына зерттеу жұмыстарын жүргізіп үлгерген.

Агрохимиялық зертхана заманауи технологиямен жабдықталған. Олар компанияға уақытылы, әрі сапалы зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, АХЗ-да сынақ зертханасы жұмыс істейді, онда дәнді дақылдардан бастап ұнға дейін сынақтан өткізіледі. Сараптама аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге сапа сертификаты (сапа төлқұжаты) беріледі», - деп сендірді әкімдіктен.

«AgroComplexExpert» зертханасының сынақ нәтижесі Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерде мойындалады. 





Яндекс.Метрика