Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Программа «Агробизнес- 2020» будет принята в феврале текущего года - Премьер-Министр РК

Ағымдағы жылдың ақпан айында Үкімет «Агробизнес- 2020» бағдарламасын қабылдайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.
Казахстан04 Ақпан , 00:00

«Ақпан айында  «Агробизнес- 2020»  үкіметтік бағдарламасы  қабылданып қалады деген үміттемін»,  деді   С.Ахметов.

Бағдарлама аясында  агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға  2020 жылға дейін 3 трлн. теңге бөлу қарастырылған.

Естеріңізге сала  кетейік,  «Агробизнес 2020»  бағдарламасымен қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, инвестициялық субсидиялар, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, қаржылық сауықтандыру, екінші деңгейлі банктерді қорландыру сияқты ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың қаржылық құралдары қарастырылған.

Бұнымен қоса, бағдарлама шеңберінде фитосанитарлық, ветеринарлық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады.




Яндекс.Метрика