100 табыс тарихы

Петропавлда полиэтилен өндірісі іске қосылды

Петропавлдық кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен полиэтилен пакеттер өндірісін іске қосты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан 24 Тамыз, 13:31

Жеке кәсіпкер Шыңғыс Ашамаев 2013 жылдан бері полиэтилен қаптамалар сатумен айналысқан. Ұзақ уақыт бойы оны Ресейден алып келген ол 2016 жылы қаптама шығаратын өз өндірісін ашуды ұйғарды.

«Даму» Қорына барып, кәсіпкерлік негіздерін оқып, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан консультациялық көмек алды. Нәтижесінде, кәсіпкер өткен жылдың шілде айынан бастап жобаны сәтті жүзеге асыра бастады. Сбербанктен Даму» Қорының кепілдігімен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «несие алды. Полиэтилен пакеттер - қазір кәсіпкер шығаратын бір түрі.

Ресейден алып келген жабдықтардың арқасында бүкіл өндіріс автоматтандырылған. Арнайы түйіршіктерден сұйық полиэтилен алынады. Содан кейін шикізат қаптама түріне келтіріліп, тігіс жапсырылады. Айына шамамен 3 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға болады. «Ал жабдықтар құнын ақтау үшін өндіріс көлемін кем дегенде екі есеге көбейту керек», - дейді Шыңғыс. Бүгінгі күні цехта үш адам жұмыс істейді.

Биыл Шыңғыс Ашамаев «Назарбаев Университетінің» бизнес-мектебінде «Топ-менеджментті оқыту» жобасы бойынша оқып қайтты.

Биылғы бірінші жартыжылдықта «Даму» Қоры Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 28 кепілдік берсе, несие портфелі 689 млн теңге болып, берілген кепілдіктер сомасы 247 млн теңгеге жетті.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығының (КҚКО) мамандары консультациялық- тәжірибелік және сервистік, бизнес ашу және жүргізу, бухгалтерлік есеп және салық есептілігі, заң аспектілері, бизнес-жоспар әзірлеу сияқты мәселелелер бойынша тегін қызмет көрсетеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысқысы келетін кәсіпкерлерге КҚКО мамандары құжаттар жинап, кейіннен банкке өтініш беру және жобаларды сүйемелдеу шешімін алғанға дейін көмек көрсетеді.

Жыл басынан бері 47 ЖКС мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде банктерден қаржы алды .





Яндекс.Метрика