Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Павлодар облысының ардагерлері студенттерге салауатты өмір салты туралы сабақ өткізуде

Павлодар педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультеті облыстық ардагерлер кеңесімен сауықтандыру жайлы ағарту жұмыстарын ұйымдастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.
Павлодар06 Қаңтар , 15:52

«Келісім аясында еңбек ардагерлерінің қатысуымен «Ұзақ өмір сүру негіздері» атты алғашқы сабақ өтті. Жұмыстар тәжірибе сабақтары, сұхбаттасу мен семинар түрлерінде өткізілмек», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ЖОО студенттері арасында «Қазақстанның болашағы» атты жастар клубы белсенділік танытуда. Оның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жалпыадамзаттық құндылықтардағы жастардың көзқарасын қалыптастыру.

«Клубта «Шынықтыру және сауықтыру жүйесі және денсаулық», «Денсаулықты сатып алмайсың – оны ақыл береді» тақырыбында семинарлар мен сұхбаттар өтті», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика