100 табыс тарихы

Бизнес-идея ойыма бала күтіміне байланысты демалыста отырғанымда келді – кәсіпкер

Бала күтіміне баланысты демалыста отарғанымда бизнеспен айналысамын деп шештім, деп хабарлады төрт баланың анасы, білімі бойынша педиатр дәрігер Ләззәт Адырбаева.
Южно-Казахстанская область 22 Шілде, 13:14

Өз балаларымен қатар, туыстарына, достарына, көршілеріне де киім тігіп беретін. Көбіне тегін болатын. Ал,  осыдан бірнеше жыл бұрын Ләззәтқа  балалар киімін тігетін жекеменшік цех ашу туралы ой келді.

«Мен ұзақ жылдар бойы балалар реаниматологы болып жұмыс істедім, кейін спорт мектебінде еңбек еттім.  Оның үстіне балалалар күтіміне ата-анам көмектеседі. Ал, жолдасым болса барлық бастамаларымды қолдайды. Менің ортаншы қызымның аты Жазира, мен «Жазира» қазақстандық берндімен өнім шығарамын деп шештім», - деді кәсіпкер.

Кәсібін жаңадан бастағалы жатқан бизнес-ледиде алғашқы капитал болмағандықтан, брендті тіркеумен қатар, ол «Даму» кәсіпкрелікті қолдау қорының желісі бойынша жеңілдетілген несиеге құжат жинастырады.  

«Мен 1,1 млн теңге көлемінде 5 жылға жылдық 7%-бен несие алдым. Осы қаражатқа тігін машиналарын сатып алдым, материалдар сатып алдым және цехқа жиһаз алдырдым.  Ғимаратты жалға аламын, көлемі 50 шаршы метр», - деді ол.

Ләззәт бірінші кезекте сапаға көңіл бөлуді жөн санап, сапалы материалдарды іздестіруге кіріседі.

«Мен трикотаждан футболка, спорттық шалбар, жатын көйлек, спорттық костюмдар тігемін. Жаңадан туылған нәрестелерге арналған киімдерде бар. Барлығы цехта үш адам жұмыс істейді, айына 800-ге жуық киім тігеміз», - деді Ләззәт.

Сонымен қатар, киімнің бағасының қолжетімділігіне де ерекше назар аударылған.

Оның айтуынша, «Жазира» брендімен тігілген балалар киімі сатып алушылар тарапынан мақтауға ие. Айтпақшы, киімнің заттаңбасында «Қазақстанда жасалған» деп жазылған. 





Яндекс.Метрика