Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

ҚР-да 2013 жылдың желтоқсанында асыл металдардың бағасы 5 %-ға төмендеді – Статагенттігі

2013 жылдың желтоқсанында асыл металдардың бағасы 5 %-ға төмендеді , деп Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан06 Қаңтар , 11:57

«Баға асыл металдарға - 5%, қорғасынға – 4,7%, мырышқа – 2,4%, қара металдар илегіне – 1,9%, мысқа – 1,6%, өңделмеген алюминийге – 1,1%, ферроқорытпаларға – 0,2%-ға төмендеді», - делінген хабарламада.

2013 жылдың желтоқсанында қарашамен салыстырғанда баға кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде – 0,3%-ға төмендеді. Өндірілген өнім - 0,3%-ға арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтер – 0,6%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ, өткен айда бағаның газ конденсатына – 1,3%, отындық мазутқа - 1,2%, дизельдік отынға – 0,6%, табиғи газға – 0,3%-ға төмендеуі, олардың сұйытылған пропан мен бутанға – 2,1%, керосинге – 1,1%, бензинге – 0,8%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бағаның қантқа – 1,9%, бидай ұнына – 0,4%-ға төмендеуі, олардың маргаринге - 4,1%, балыққа – 3,1%, өсімдік майына – 1,1%, сүт өнімдеріне – 0,5%-ға жоғарылауы тіркелді.




Яндекс.Метрика