100 жаңа есім

100 жаңа есім: Талғат Ысқақов

Талғат Ысқақов – «Бас текстиль» ЖШС директоры, кәсіпкер.
Астана қаласы18 Тамыз , 20:44

Республикамыздағы алғашқы кілем өндіретін кәсіпорын ашып, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтып, тіпті осы салада білімін толықтыру үшін Түркияға оқуға жіберген Талғат Жүнісбекұлы кәсіпкерлікпен қатар, туған ауылына да қаржылай көмек жасап жүрген жан.

Ысқақов Талғат Жүнісбекұлы, 3-ші мамырда 1968 жылы ОҚО, Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

Облыстың қақ ортасынан «Бал текстиль» ЖШС деп аталатын кілем фабрикасының негізін қалап, іс бастайды. Маңдай тер, зор еңбекпен кәсібінің ауқымы артып, үлкен фабриканы іске қосқанда облысымызға келген Президентіміз Н.Назарбаевтың өндіріс орнында болып, іспен танысты. Фабриканың ісі ілгерілеп, станоктар, өзге де қажетті құралдардың жаңа түрімен толыға бастайды.

Бастысы өңірде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жұмыссыз жандар тұрақты жұмыспен қамтылды. Фабрикада жастар легі өте көп. Қырағы көз, идеяға бай, жаңашылдыққа құмар жастардың әрбір ұсынысына құлақ асатын кәсіпкер әрбір жұмысшының пікірін назарға алуды ұмыт қалдырған емес. Тіпті, жаңа жүйеде жұмыс жасау үшін оларды Түркия еліне кәсіпорын есебінен оқуға жіберіп, білімдерін толықтырып отыруларына ықпал етеді. Жаңашылдыққа жаны құмар азаматтың осы іскерлігі мен қарапайымдылығынан болар, фабрика республика көлеміндегі алғашқы кілем өндіруші кәсіпорын атанып отыр. Сонымен бірге қазақстандық бірден бір отандық өнімді шетелге экспорттай алатын кәсіпорынның кілемдері сұранысқа ие.

Күні бүгінге дейін жеткен табыстары мен марапаттары тіптен орасан. Соның ішінде «Бал текстиль» кілемдері Швейцарияның Женева қаласында өткен халықаралық конвенцияда үздік сапа яғни «Алтын жұлдыз» аталымын иеленді. «International Star Award for Quality» - дүниежүзілік сапа талаптарына сай келген өнімдерге ұсынылатын халықаралық сыйлық екенін айта кеткеніміз жөн.Үйлерімізді қазақы нақыштағы кілемдермен әрлеуге жағдай жасап жүрген кәсіпкер азаматтың өзі өскен еліне, туған жеріне деген ыстық ықыласы да айрықша. Өзі оқып, білім алған Жүзімдік орта мектебіне 12 орындық «Газель» көлігін сыйға тартты. Ауылдың жастарына арнап спорт кешені мен ашық алаң салып берді.  Қазіргі таңда,  кәсіпкер «Бал Текстиль» ЖШС директоры болып жұмыс жасайды.

 




Яндекс.Метрика