Инфрақұрылымды дамыту

Стратегия-2050: Қазақстан жаңа Жібек жолын жандандырады

Елдің көлік күре жолдарын күшейтпей экономиканы дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдары Қазақстанда әуе, теңіз салаларымен қатар, авто және теміржол қатынастарында да барлық бағыттар бойынша ірі халықаралық жобалар жүзеге асырылуда. Оның барлығы нәтижесінде бір мақсатты – Ұлы Жібек жолын жандандыруды көздейді.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Соңғы 11 жылда автожол саласын дамытуға 1 263,1 млрд теңге бөлінді. Осы жылдар ішінде жалпы қолданыстағы 48 мыңнан астам шақырым жол, сондай-ақ 1 100 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өткізілді. Қазіргі уақытта біз Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистарльдік көлік дәлізін жасай отырып, Жаңа Жібек жолын жандандырудамыз», - деп қорытындылады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында. 

Естеріңізге сала кетейік, Санкт-Петербор – Мәскеу – Нижний Новгород –Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Үрімші – Ланьчжоу – Чжэнчжоу – Ляньюньган бағыты бойынша дәліздің жалпы ұзындығы 8 445 шақырымды құрайды. Оның көп бөлігі (3425 шақырым) Қытайдың территориясымен, 2787 шақырым – біздің еліміздің территориясымен және 2233 шақырым – Ресей Федерациясының территориясымен өтеді. 

Қазақстан бойынша дәліз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының территориясымен өтеді. 

Қазақстандық учаске жобасының құны 825,2 млрд теңгені құрайды, оның шеңберінде 1390 шақырым жолды 4 жолақты қозғалысты І техникалық категорияға (Қызылорда – Түркістан – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас), ұзындығы 1062 шақырым қалған учаскелерді (РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда) ІІ техникалық категорияға көшіру жоспарланған. 

Жобаны жүзеге асыруға қаржыландырудың үш көзі белгіленген. Бұл ірі мегажоба мемлекет қазынасынан (бұл мақсаттарға 136,1 млрд теңге бөлінеді), халықаралық қаржы институттарының сыртқы қарызы есебінен (3,4 млрд АҚШ доллары) қаржыландырылады және үшінші қаржыландыру көзі ретінде 266,6 млрд теңге сомасына концессиялық негізде жеке инвестицияларды тарту жоспарланған. Бұл қаражатқа Алматы – Қорғас және Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы учаскелері жөндеуден өткізіледі. 

Әзірге бұл автодәліз салынып жатыр, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жүктерді Транссібір арқылы автожол көлігінің көмегімен, теңіз жүктері Суэцк арнасы арқылы тасымалданады. Егер теңіз дәлізін пайдалану кезінде жолда жүру уақыты 45 тәулікке дейін жетеді, ал «Транссібір» бойынша 14 тәулік, ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойынша Ляньюньган портынан Еуропалық мемлекеттердің шекарасына дейін жолда жүру уақыты шамамен 10 тәулікті құрайды. Жоба Қытай – Қазақстан, Қытай – Орталық Азия, Қытай – Қазақстан – Ресей – Батыс Еуропа үш негізгі бағыт бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді. 

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезеңінде жүргізілген зерттеулер 2020 жылға қарай жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге артатындығын көрсетті. Жобаны жүзеге асырудан келетін орташа жылдық жиынтық экономикалық әсер жол уақытын қысқарту тұрғысынан бағалағанда 33,9 млрд теңгені, ЖКО санын қысқарту есебінен – 49,9 млрд теңгені (бұл ретте қанша адам өмірі сақталатынын есепке алмай), жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) артуымен байланысты – 82,9 млрд теңгені құрайды. 

Жобаны жүзеге асыру 2010 жылы он мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнесті, сервис индустриясын, туризмді және экономиканың басқа да салаларын дамытуға маңызды қарқын беріліп отыр. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика