100 жаңа есім

100 жаңа есім: Ақбөбек Ерғалиева

Ерғалиева Ақбөбек Жұмасерікқызы әйелдер арасында грепплингтен Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, панкратион бойынша Азия чемпионы, спорт шебері, жекпе-жектен Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері (2017 ж).
Қарағанды16 Тамыз , 15:17

El.kz  хабарлағандай,  дзюдо, панкратион, грепплинг күшті, қайратты талап ететін жекпе-жек түрі. Ақбөбек жарыс барысында бірнеше рет жарақат алып қалған болатын.

Бірақ бұл қиындықтар оны мойытпады, қайта спортқа деген құлшынысын арттырып, жаңа тынысын ашты. Оның тынысы - шәкірт тәрбиелеу болды. Қазір Ақбөбек Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо-күресінің жаттықтырушысы болып қызмет етеді.

Шәкірттері арасында республикалық, облыстық жарыстарда оза шауып, бәйге алып жүргендері баршылық. Мысалы, 10 жасар Оралбаева Сабина облыстық біріншілікте 2-орынға ие болды. Ал одан ересектеу Сейтқалиева ақерке, Орынғалиева Жанаргүл облыстық чемпионаттарда бірінші орындарды жеңіп, үмітін ақтауда. Ақбөбектің арманы -  болашақ дзюдошы чемпиондарды тәрбиелеу.  

Ақбөбектің сымбатты мүсіні мен мейірлі жүзіне қарап спорт шебері деп ойламауыңыз мүмкін. Бір үйдің кенже қызы. Кішкентай кезінде ағалары Айбек пен Мейрамға еліктеп спортпен шұғылданыпты. Ең алғаш залға апарған ағасы Айбек екен. Міне 15 жылдан астам жаттығу залы Ақбөбектің екінші үйіне айналды. Мектеп бітірген соң Батыс Қазақстан облысы Педагогика колледжіне "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша оқуға түсті. Колледжден кейін білімін ары қарай жалғастырып, қазір Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ("Дәуір") "Спорт" мамандығы бойынша білім алуда. 

«Қазір спортқа келетін балалардың көбейгені қуантады. Біреуін ата-анасы жетектеп әкелсе, бірі өз бетімен келіп жатады. Спортта баланың тұрақтап қалуы және нәтиже көрсетуі үшін барымызды саламыз. Бірақ ең бастысы баланың бойынша қызығушылық, намыз және жүрек болуы тиіс. Жүректі бала ештеңеден қорықпайды. Көзсіз ерлікке баратындар да, жеңістің жалауын көтеретіндер де осындай жүректі балалар»,  - дейді Ақбөбек өз шәкірттері туралы. 

 




Яндекс.Метрика