100 табыс тарихы

Қазақстандық контейнерлер халықаралық сертификатқа ие болды

Қазақстандық кәсіпорын «Оргтехстром» халықаралық стандартқа сай контейнерлерді шығаруды тәртіпке қойды.
Астана қаласы15 Тамыз , 19:13

«Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ  мәліметінше, контейнерлерді  әртүрлі  жүк    тасымалдауға   дайындау  кәсіпорынның бір бағыты болып есептеледі. 

«Қазақстанда контейнер түрлерін тасымалдау  әлемдік  тұрғыдағы контейнерлік тасымалдаудан қалып бара жатыр.  Бұл арзан әрі тиімді, вагондарға қарағанда көрсеткіштері жақсы», - деді кәсіпорын директоры Владимир Тахтамышев.

Компания басшылығының  есебі бойынша, ол  8 жыл бойы кепілдендірілген тапсырысқа ие болады.  Бұл компанияны нығайтудың тағы бір мүмкіндігі.  Қазіргі таңда  зауыт қызметкерлері  Қытайда оқып жатыр.  Қараша айында кәсіпорын  өндірісті бастайды. 




Яндекс.Метрика