Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

АӨК дамыту мақсатында «ҚазАгро» Шотландияның Корольдік Банкінен 100 млн доллар алды

«ҚазАгро» Шотландияның Корольдік Банкінен (The Royal Bank of Scotland Plc) 100 млн доллар көлемінде жеңілдетілген несие алды, деп хабарлайды «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан04 Қаңтар , 11:30

«Алынған қаражат Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында холдингтің айналым қаражатын арттыруға бағытталады және АӨК субъектілерін қаржылық сауықтандыруға жұмсалады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталмыш келісім «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қорының жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгро» құрамындағы компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекетік саястты жүзеге асырады. 




Яндекс.Метрика