ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда латын қарпіне ауысу мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылады

Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылуда, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар ҚұлМұхаммед бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен алқа мәжілісінде.
Казахстан04 Ақпан , 00:00

Латын әліпбиіне көшу турасындағы мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашық айтып, мерзімді 2015 жылға дейін деп нақты белгілегені  баршаға аян.  

«Бұл бір күнде жүзеге асатын шаруа емес. Сол үшін қазір мемлекеттік комиссияны құрып жатырмыз. Ол комиссияның құрамына ғалымдар, депутаттар, үкімет мүшелері кіретін болады. Сондықтанда ұлттық әліпбиді латынға ауыстыру жөніндегі Елбасы белгілеген меже өз уақытында атқарылатын болады», - деді М. Құл-Мұхаммед.

 «Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты Елбасы өз Жолдауында нақты мәселелерді атап көрсетті. Мұның ішінде терминологияға қатысты проблемалар да баршылық. Соңғы 10 жыл ішінде осы салада көптеген қателіктер кетті. Тіпті кейбір сөздерді өзіміз де түсінбей қалатын дәрежеге жеттік», - деді министр.

Бұл ретте М. Құл-Мұхаммед әрбір сала бойынша терминологияға терең үңілу қажеттігін айтып, алдағы уақытта 30 томдық шығарылатынын жеткізді.

«Ашығын айтатын бір мәселе - біз көп жағдайда латын тілінен енетін терминдерді өз орнында қалдыруға тиіспіз. Халықаралық терминдерді беталды аударудың қажеті жоқ», - деді ол.

«Сондай-ақ,   өңірлерде   көшелер  мен  алаңдарға  өздеріне ұнаған  кез-келген атауларды  бере салу сияқты  келеңсіздіктер де  жойылатын болады»,-  деген  министр,     қазақ   есімдері мен   тектерін  жазу  ережесінің жобасы да жасалып  жатқанын  жеткізді. 




Яндекс.Метрика