Ең төменгі әлеуметтік стандарт

2013 жылдың желтоқсанында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 191 теңгені құрады – Статагенттік

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылдың желтоқсанында 17 191 теңгені құрады, деп Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан03 Қаңтар , 12:46

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1%, 2012 жылғы желтоқсанмен – 3%-ға өсті», - делінген хабарламада.

 Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,9%, жемістер мен көкөністерді – 9,5%, нан және жарма өнімдерін – 7,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,1%-ды құрады.

 




Яндекс.Метрика