Үкімет

Б.Сағынтаев қазақстандықтарды техниканы беларусьтық стандарт бойынша таныстыруға шақырды

ЭКСПО көрмесінде Ұлттық күнін Беларусь Республикасы өткізді. Шараға Қазақстан мен Беларусьтің Премьер-Министрлері қатысты.
Астана қаласы 13 Тамыз, 16:18

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  өз құттықтау сөзінде ЭКСПО көрмесі тек Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің де әлеуетін таныстыратынын айтты.

«Қазақстан Үкіметі атынан ЭКСПО-2017 көрмесінде Беларусь Ұлттық күнінінің ашылуымен құттықтаймын.  ТМД аумағында аталмыш көрме сынды шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Қазақстан үшін бұл өте маңызды әрі жауапты сәт. Осы жолда бізді қолдаған достарымызға алғыс айтамыз. «Болашақтың энергиясы»  тақырыбы өте өзекті  және ол 2020 жылға дейінгі Беларусьтің әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму Ұлттық стратегиясының ұстанымдарымен байланысты», - деді ол.

Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарды техниканы  беларусьтық стандарт бойынша көрсетуге шақырды.

«Айта кетерлігі,  болашақтың энергиясы саласында соңғы техникалық мүмкіндіктер таныстырылған  Беларусь павильонының бірегейлігі – энергия үнемдейтін және экологиялық таза техника мен  қондырғылардың өндірісі. Электробустың ерекше макетін атап өтіп келеді,  ол көрмеге келушілердің назарын аударды.  Осындай технология көрменің тақырыптық мазмұнына толық сәйкес болып отыр.  Болашақта олар қалалар мен ауылдарда да таныстырылуы керек. Болашақта болашақтың энергиясы  барлық әлем үшін қазіргі энергияға айналғанын тілеймін», - деді Премьер –Министр.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Беларусь бизнес форумы  өтті, шара Беларусьтің Ұлттық күні  аясында ұйымдастырылды.  13-15 тамыз аралығында  беларусьтық өндірушілердің  «MadeinBelarus» көрмесі «Көрме» орталығында өтеді. 

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика