ҚР Президентінің Жолдауы

Өндірістік қуаттылықты ұлғайту қажет – Т. Кузнецова

«Астана радиосы» эфирінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелеріне арналған «Стратегия» пікірталас клубы алаңында «Kaz Arms» ЖШС қаржы директоры Татьяна Кузнецова отандық компания «Kaz Arms» ЖШС және оның қызметі жайында айтып берді.
Астана қаласы11 Тамыз , 18:12

«Kaz Arms» ЖШС Қазақстанда бронешлемдерді алғашқы өндіруші болып табылады.  

«Бронешлемдер шығару идеясы 2014 жылы пайда болды. Бұрын бронешлемдер Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық гвардияның, ІІМ және басқа да әскери құрылымдардың қажеттіліктері үшін шетелдік өндірушілерден сатып алынған болатын. 2015 жылы біз алғаш рет мемлекеттік тапсырысқа қатыстық. Кейін біз өндірісті жаңартып, өндірістік қуаттылықты ұлғайту керек деген шешімге келдік», - деді Татьяна Кузнецова. 

Оның айтуынша, компания тапсырыс берушілермен өте үлкен жұмыс жүргізуде.

«Қазір мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде 6 түрі бар. Мен сіздерге бір үлгісін ғана алып келдім (студияда бронешлем үлгісі көрсетілді). Бронешлемге сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Сондай-ақ біз тапсырыс берушілермен әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргіземіз және олардың өтінімдері негізінде бронешлемдердің қосымша түрлерін әзірлеп, сериялық өндірісті іске қосамыз. Біздің өніміміз СТ-КЗ сертификаттарына ие», - деп атап өтті спикер.

«Kaz Arms» шығаратын бронешлемдер әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және бұйымдардың сапасы Ресейдің ең ірі орталықтарының сертификаттарымен, сынақ хаттамаларымен расталған, деп қосты ол. 

«Екі жыл ішінде біз өндірісті жаңарту арқылы өндірістік қуаттылықты ұлғайту керек деген тұжырымға келдік. Біз өз бизнес жоспарымызбен «Даму» қорына өтініш білдірдік. Біздің компаниямызда Ерейментау қаласы аумағында өз филиалы бар, 90-нан астам жұмыс орны ашылған», - деді Т. Кузнецова. 

Сондай-ақ, спикер «Даму» қорына бизнес жоспармен қалай бару керектігі туралы кеңес берді. 

«Даму» қорына өз бизнес жоспарымды ұсынып, консультация алдым. Кейін өз жоспарым жайында айтып бердім. Жоба мақұлданды. Үш ай бойы біз екінші деңгейлі банктермен бағалау жүргізіп, басқа да мүмкіндіктерді пысықтадық. Біз өз компаниямыздың атынан қорытынды ұсындық», - деп қорытындылады кәсіпкер. 

Еске сала кетейік, «Астана» радиосында «Стратегия» пікірталас клубының кезекті көрсетілімі өткен еді, онда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелері қаралды.   

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика