Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

БЖК аясында 10 мыңнан астам бизнес жоба субсидия алады (ВИДЕО)

Бүгінде бизнесті дамыту аясында 10 мыңнан астам бизнес жоба субсидия алады, деп хабарлады Астана қаласы бойынша «Даму»КДҚ»АҚ директоры Исламбек Қайырбеков, «Астана» радиосының тікелей эфирінде нәтижелі жұмыс бастылық пен жаппай кәсіпкерлік тақырыбымен өткен «Стратегия» пікір-талас клубының отырысында.
Астана қаласы 11 Тамыз, 17:32

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Біздің Даму қоры «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп несиелер бойынша субсидия және қарыз алушының қаражаты жетпесе екінші деңгейлі банктерге кепілдеме береді», - деді Исламбек Қайырбеков.

Модератордың сұрағына жауап берген Қор директоры бағдарламаның Қазақстанның аймақтарында ерекше танымал екенін атап өтті.

«Бүгінде 10 мыңнан астам жоба субсидия алып отыр, бағдарламаның тарихында 160 млрд теңгеге жуық қаражат төленген. 1,8 трлн теңгенің қоржыны қайта субсидияланды, яғни біз несие қоржынын субсидиялап отырмыз», - деп түсіндірді ол.

Кепілдендіру құралдары туралы айтқан спикер, Қазақстанда кепілдеме алғанның арқасында 3 мыңнан астам жоба субсидияланғанын атап өтті. Егер қарыз алушының қаражаты жетпесе Даму қоры жобаның саласына байланысты 20-дан 85%-ға дейінгі көлемде кепілдеме береді.

Гүлтай Хасенова





Яндекс.Метрика