Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Астанада жаңа жұмыс орнының оныншысы «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша ашылады

Астанада әр оныншы жаңа жұмыс орны «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ашылады, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков КҚКО ашылу салтанатында.
Астана қаласы31 Желтоксан , 15:44

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің бүгінгі қалыптасқан тиімді қатынасының арқасында елордада бірқатар сәтті қадамдар орындалды. Қазіргі кезде елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының жұмыс істеп тұрғанын білеміз. Осы бағдарламаның аясында 60 мыңнан астам кәсіпкер қолдауға ие болды. Сонымен қатар бағдарлама бойынша 56 млрд теңге көлеміндегі 247 жобаны мақұлдадық», - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар бағдарлама іске асырыла бастаған уақыттан бері 5 мыңдай жаңа жұмыс құрылып, жаңадан тағы 3 мыңдай жұмыс орны ашылды.

Әкім орынбасарының айтуынша, Астанада әр оныншы жаңа жұмыс орны «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ашылады.




Яндекс.Метрика