Үкімет

А. Маминге Ақтөбедегі бірегей әлеуметтік нысандар таныстырылды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. А.Маминге Ақтөбедегі бірегей әлеуметтік нысандар таныстырылды.
Ақтөбе 11 Тамыз, 09:08

А.Маминге  Ақтөбедегі әуежайдың ұшып-қону жолағының бұрылыс жобасы таныстырылды. Аталмыш шаралар жергілікті билікпен ұшақпен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдануда.

Әрі қарай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші вице-министрді Ақтөбедегі мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларымен таныстырды.

Атап айтқанда, А.Мамин тек хоккейшілерді ғана емес, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша болашақ чемпиондарды да дайындайтын «Олимп» хоккей модулінде болды. Айта кету керек, бұл тәуелсіздік жылдарында салынған қысқы спорт түрін дамытатын алғашқы спорт ғимараты.

Басты назар мәдениет пен жастар саясатын дамытуға аударылуда. Жуырда құны 1,5 млрд теңге болатын жастар сарайы өз жұмысын бастамақ. Жоба «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылуда.

Бірінші вице-премьер жаңа оқу жылында ауылдан келген дарынды балаларға арнап интернат ашатын «Сымбат» жекеменшік мектебін, сонымен қатар,   Қазақстанда баламасы жоқ 110 орындық жетім балаларға арналған құны 1,6 млрд теңге болатын «Мейірім» әлеуметтік  үйін қарап шықты.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің бірінші орынбасарының назарына құрылысы мен заманауи құрал-жабдықтармен жарақтануына 3,2 млрд теңге инвестицияланған «Көз жарығы» офтольмологиялық орталығы ұсынылды. Батыс өңірінің барлық жастағы халқы аталмыш медицина мекемесінде жоғары дәрежеде мамандандырылған офтольмологиялық көмек алуына болады.

Өңір үшін маңызды болып табылатын нысандар салынып жатқан құрылыс алаңдарын аралау кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталмыш нысандардың жүзеге асырылуы ең алдымен, облыс бюджетіне түсетін салмақты азайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, мектепке дейінгі біліммен қамтуды, сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға   айтарлықтай мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан өзге, бірінші вице-премьер қайта қалпына келтіріліп жатқан «Ақтөбе-Орск» автокөлік жолын қарап шығып, бірқатар ірі кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Сонымен, қуаттылығы жылына 50 мың тонна болатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС мұнай-газ жабдықтары мен құбырларын шығарумен айналысады. Жобаның жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайды.

Елбасының халық өмірінің деңгейі мен сапасын арттыру тапсырмасын орындау мақсатында өңірде ауылдық елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында меморандумға қол қойылып, соның аясында Қазақстанда, яғни Ақтөбеде газ таратуды едәуір арттыруға мүмкіндік  беретін «АГРС 300» автоматтандырылған газ тарату бекеті салынды. Айта кету керек, соңғы екі жылда Ақтөбе облысының газдандыру деңгейі 60%-дан 87%-ға дейін артты.

Бұдан басқа А.Мамин өз қызметін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен ИИДМД аясында жүзеге асырып отырған өңірдегі ірі жылыжай кешендерінің бірі «Грин Хаус Қазақстан»  серіктестігінде болды. Жобаны жүзеге асыру облыстың жаңа піскен көкөністерге деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге, сонымен қатар, артық өнімді Ресейге экспорттауға мүмкіндік берді.

Жылыжайда Асқар Маминге елбасының азы-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңіраралық кооперация мен суармалы егіншілікті дамыту бойынша  тапсырмасын орындауда өңірде қолданылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де Асқар Маминді өндірістің қыздыру пешінен бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Еске салайық, жоба Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған.

Кәсіпорын ЕЭАС аумағындағы «Р-65» стандартты ұзын өлшемді  (120 м) ыстыққа бейімделген теміржол рельстерінің жалғыз  өндірушісі   болып табылады. Жалпы, зауыт толық жобалы қуаттылыққа шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна прокат, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдар үшін 200 тонна стандартты ұзын өлшемді  (120 м) ыстыққа бейімделген рельс, құрылыс секторы үшін  230 мың тонна фасондық өнім шығаратын болады.

Ертең, 11 тамызда премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тез тұрғызылатын аз қабатты несиелік тұрғын үй бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен, сонымен қатар, «АРБЗ» ЖШС, Шығармашылық академиясы мен салынып жатқан Жекпе-жек сарайына барады  деп күтілуде.

2016-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылған және жоспарланған МЖС жобаларының жалпы құны 28 млрд теңгені құрайды.

А.Маминнің жұмыс сапарының бағдарламасын барлық облыс әкімдерінің құрылыс мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарларының қатысуымен өтетін «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жиналыс тәмамдайды.

 





Яндекс.Метрика