ҚР Президентінің Жолдауы

«Стратегия» пікірталас клубының сарапшылары нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын талқылайды

«Стратегия» пікірталас клубының алаңында сарапшылар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелерін талқылайды.
Астана қаласы 10 Тамыз, 16:13

11 тамызда сағат 17.00-де «Астана радиосы» эфирінде «Стратегия» пікірталас клубының кезекті көрсетілімін назарларыңызға ұсынамыз.

2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент шағын қаржыландыруды одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

«Үкімет пен әкімдер еңбек мобильдігін қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен жұмысшыларға бір-бірін іздеуде жәрдемдесу жұмысын бақылауға алуы тиіс», - деген болатын Елбасы.

Осы ретте, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының еңбек нарығында оң динамика байқалады. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеген.

Сейсенбі күні, 8 тамызда өткен ҚР Үкіметінің отырысында осы мәселе бойынша жетекшілік ететін министрліктер, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қорының өкілдері Премьер-Министрге есеп беріп, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы қандай нәтижелерге әкелгенін баяндады.

Осылайша, «Стратегия» пікірталас клубының алаңында «Атамекен» ҰКП, «Даму» қорының өкілдері тыңдармандар мен оқырмандар үшін осы тақырыпты ашпақ.  Онлайн-бейнекөрсетілімді Strategy2050.kz сайтынан және Facebook желісіндегі біздің парақшамыздан көруге болады.  Модератор – «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.

Осы бағдарлама бойынша оқыту ауылдарда қалай жүргізіліп жатыр? Жаңадан бастаған кәсіпкер осы бағдарламаны қалайша пайдалана алады? Осы және басқа да сұрақтарға білікті сарапшылар жауап береді.





Яндекс.Метрика