Шағын және орта бизнесті дамыту

Астанада Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

«Бүгін біз елорданың бастауыш кәсіпкерлеріне көп көмегі тиетін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуына куә болып отырмыз», - деді салтанатты шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков.
Астана қаласы31 Желтоксан , 13:48

Оның айтуынша, орталықта «бір терезе» режимінде қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар орталық базасында форумдар, семинарлар мен өзге де шаралар ұйымдастырылмақ.

«Кәсіпкерлерді оқыту аясында жас кәсіпкерліктер мен «стартап» жобаларға көбірек маңыз берілмек. Бір сөзбен айтқанда елордалық кәсіпкерлер ақысыз түрде барлық қызметтер кешенін пайдалана алады», - деді Қ.Сұлтанбеков.

Сонымен қатар орталықта кәсіпкерлер қаржылық немесе мамандандырылған қызметтерді, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолға алынған мемлекеттік қолдауларды пайдалана алады.

 




Яндекс.Метрика