Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Қазақстан Қырғызстанға газ беруді қайта жандандырды

Қазақстан Қырғызстанның солтүстігіне сағатына қажетті 50 мың текше метрге дейін табиғи газ беруді қайта жандандырды. Бұл жөнінде бүгін Бішкекте баспасөз конференциясында Қырғыз Республикасы энергетика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Айбек Қалиев мәлімдеді.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Бүгін сағат 11-ден бастап газбен қамтамасыз ету қайта іске қосылды. Қазір газ реттеу пункттерін қосу үшін 6 бригада жұмыс жасап жатыр. Бірінші кезекте газ электр қуаты жоқ аудандарға берілуде», - деді ол.

Қалиев тасымалданатын газ Бішкек мен Шу облысының барлық аудандарының мұқтаждығын толығымен жабатынын айтты. «Барлық аудандар бір тәулік ішінде қосылып бітеді», - деді ол.




Яндекс.Метрика