«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Биыл "Алматы-Шу" учаскесінің 59 км екінші жолдарының құрылысы аяқталады (ВИДЕО, ФОТО)

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында «Алматы-Шу» учаскесінің екінші жолдарының құрылысы қалай жүріп жатқанын айтып берді.
Астана қаласы 10 Тамыз, 11:19

«Алматы-Шу» учаскесінің жалпы ұзындығы 300 км астам. Бізге ұзындығы 111 км құрайтын екінші жолдарды салу жұмысын орындау қажет. Егер өткен жылғы желтоқсанда 52 км аяқталса, биыл ұзындығы 59 км болатын екінші жолдардың құрылысы аяқталмақ. Бұл өткізу қабілетін екі есе ұлғайтады, сонымен қатар, бұл жерде жүрдек поездар санының ұлғаюы сияқты факторды да атап өткен жөн», - деп ақпараттандырды Р. Скляр.

Вице-министр атап өткендей, екінші жолдар жолаушылар қозғалысының анағұрлым жоғары сапасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Биыл желтоқсанда ағымдағы жұмыстардың барлығы аяқталады және бұл учаске Алматыдан Шуға дейін жұмыс істейтін болады», - деді Роман Скляр.   

Айта кетейік, «Алматы-Шу» учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы бойынша жоба осы учаскенің өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, "Қытай-Еуропа" бағытындағы транзиттік жүк әлеуетін ұлғайтуға да ықпал етеді. 

Еске сала кетейік, министрліктің хабарламасы бойынша, ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалпы ұзындығы 4,4 мың км құрайтын 22 автожол жобасын іске асыру көзделген. Осы жобаларды іске асыруға 356 млрд теңге қарастырылған. 

Ақбота Күзекбай

Фото Шыңғыс Қаппаров

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика