Үкімет

ҚР-да онкологиялық аурулармен күресте жаңа технологиялар пайдаланылады (ФОТО)

Қазақстанда онкологиялық аурулалға шалдыққандардың өлімі азаюда. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззәт Ақтаева хабарлады.
Астана қаласы 09 Тамыз, 16:39

Оның айтуынша, соңғы он жылда барлық негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр, жалпы адам өлімі 27 пайызға қысқарып, ана өлімі  4 есе төмендеген, сәби өлімі 1,6 есе, қатерлі ісік аурулары 20 пайызға, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны 5 есе азайған.

«Әрине нәтиже жаман емес, алайда ЭЫДҰ-мен салыстырғанда алар асуымыз әлі алыста. Осы мақсатта жұмыстар жалғасуда. Бүгінде Астанада орналасатын Ұлттық ғылыми  онкология орталығы жобасы жасақталуда. Болашақта онкологиялық аурулармен күресте жаңа технологиялар пайдаланылады», – деді Ләззәт Ақтаева.

Вице-министр атап өткендей, барлық жүзеге асырылып жатқан шаралар науқастардың өмір сүру сапасы мен оларды емдеу сапасының артуына алып келеді.  

Ақбота Күзекбай

Фото Шыңғыс Қаппаров





Яндекс.Метрика