Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

Өскемен әкімдігі мен өңірдің кәсіпкерлер палатасы жұмыскерлердің мәртебесін көтеру бойынша әріптестік келісімге келді

Өскемен әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы Әріптестік туралы меморандумға келді. Ондағы мақсат жұмыскерлер мәртебесін көтеру жөніндегі әріптестікті дамыту, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан31 Желтоксан , 11:43

«Қос тарап та мектептер мен өзге де білім ошақтарының кәсіби бағытталған жүйесін жүргізу моделін дайындауға және енгізуге міндеттелді. Маңыздысы түрлі формат бойынша кәсіпкерліктің біріккен жұмыстарын дамыту. Сөзсіз, білім беру ұйымдарының қызығушылығына түрткі болатын нормативті-құқықтық актілер жобасын дайындауға белгілі бір қызығушылық тудырады», - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий. 

Кәсіпкерлер палатасы мойындарына белгілі бір міндеттемелерді алады. Соның ішінде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын тәмамдаған жас мамандарды жұмыспен қамту, мектеп оқушыларын еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға деген қызығушылығын ояту.

Өз кезегінде қала әкімдігі кәсіби және қашықтықтан оқытудың Ресурстық орталығын ашуды мойнына алды.




Яндекс.Метрика