Үкімет

МӘМСҚ «СК-Фармация» ЖШС-ның құрылтайшысы болады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СК-Фармация»ЖШС-ның құрылтайшысы болады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззәт Ақтаева Үкіметтегі баспасөз-конференциясында хабарлады.
Астана қаласы 09 Тамыз, 12:16

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СК-Фармация»ЖШС-ның құрылтайшысы болады деп күтілуде және «ҚазМедТех»АҚ жекешелендіру мәселесі де қаралуда, - деді вице-министр.

Атап өтер болсақ, «КазМедТех»АҚ - мемлекеттік, лизингтік және әлеуметтік бағыттағы, Қазақстанда аналогы жоқ медициналық техниканы жалға берумен айналысатын мемлекеттік инвестициялық компания.

Компанияның мәліметі бойынша, басты міндеті - мемлекеттік және меншік денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтап, бүкіл лизинг мерзімінде кепілді қызмет көрсету.

Сонымен қатар, 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында «СҚ-Фармация» компаниясын құру туралы шешім қабылдады. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 134 қаулысы).

Толықтырып кететін болсақ, МӘМС қоры ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі №389 қаулысына сәйкес құрылды. Басты мақсат халықты сапалы медициналық қызметпен жан-жақты қамту.

Естеріңізге сала кетейік, Ләззәт Ақтаева баспасөз-конференциясында денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен танстырды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика