ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қарағандыда қазақ тілінің онлайн-курстары іске қосылады

Қарағандыда қазақ тілінің онлайн-курстары іске қосылады, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасы.
Қарағанды09 Тамыз , 10:12

Е. А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ тілінің тәжірибелік курсы кафедрасы тілді меңгергісі келетіндердің барлығын «ҚАЗМӘТІНГЕ дайындалу», «Қазақ тілінде іс жүргізу» және «Қазақ тілін белсенді үйрету» онлайн-курстарына шақырады.

«Қазақ тілін қашықтықтан үйренуге болады», - деп атап өтті университеттен.

Кафедраның ұстаздары оп-оңай қазақ тілінде сөйлеуге  және сұхбаттасушыны түсінуге үйретуді уәде етіп отыр. Сонымен қатар, оқуға, сөздерді дұрыс айтуға, сауатты сөлем құруға, өз ойыңды ашық, еш іркілместен жазбаша және ауызша білдіруге үйретеміз дейді.

«Негізгі оқу бағдарламасы бір жылға есептелінген, ал белсенді қазақ тілі курсы үш айды құрайды. Белсенді курс үшін бір айлық баға 12 500 теңге, ал жылдық курстың бір айлық бағасы 7 500 теңге», - деп түсіндірді кафедраның ұстаздары.

Әр сабақ 50 минутқа созылады және онлайн-режимде өтеді. Сабақтардың барлық материалдарын кез-келген уақытта қарауға болады.

Курстар қазан айында, ал оған жазылу ҚарМУ сайтында қыркүйек айында басталады. 




Яндекс.Метрика