Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

2013 жылы республикалық бюджет есебінен 80 шақты пациент шетелдің үздік клиникаларына жөнелтілді – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2013 жылы 83 пациентті шет елдік үздік клиникаларға жөнелтті, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 51 пайызға артық, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан31 Желтоксан , 10:15

«Азаматтардың негізгі жіберілген елдері Германия, Австрия, Израиль, Түркия, Оңтүстік Корея, Белорусь пен Ресей. Аталмыш пациенттердің 36-сы 18 жасқа толмағандар», - делінген хабарламада.

Және де 83 науқастың 20-сы қан ауруымен ауыратын бас сүйек трансплантациясына жөнелтілген.

Айта кетейік, қазіргі таңда отандық клиникаларда жоғарғы технологиялық қызметтерді көрсетуге жан-жақты жағдай жасалған. Шет елдің үздік ауруханаларымен және мамандарымен байланыс құрылған.

Осыған сай донорлары бар науқастарды емдеу отандық емханаларда да жүзеге асырыла бастауда. Бұл емге шет елдік мамандар да шақырылуда. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ базасында 4 науқасқа туыстарының донорларының бауыры салынған. Оған шет елдің дәрігерлері келіп көмек көрсеткен.

Профессор Ұлыбританиялық Питер Роланд Эйлифтың қатысуымен жас балаға донорлық әдіспен ағзасын ауыстыру жұмысы жасалды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика