Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

2050 Стратегиясы Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестіктің таптырмас негізі болып табылады – Аурелия Бушез

Қазақстан Республикасындағы ЕО өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушез 2050 Стратегиясы Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестіктің таптырмас негізі екенін айтты.
Казахстан30 Желтоксан , 18:16

«Менің ойымша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы ҚР-ның түрлі салалардағы дамуын көрсетеді. Бұл құжат Франция мен Қазақстан арасынағы әріптестіктің дамуына ықпал ететін негіз болып табылады», - деді А.Бушез

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет саласы Еуроодақтың Қазақстандағы жұмысының басты бағыты. Еуроодақтың әр елі алдағы дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін өзіндік осындай құжатқа ие.

«Қазақстан бүгінгі таңда толыққанды аяққа тұрған және блашаққа сенімді жоспар құра білген дамыған елдермен терезесі тең болды. Болашақта осы жетістіктердің заңды сабақтастығы ретінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының жемісін көретінімізге сенім білдіремін», - деді А.Бушез.

Естеріңізге сала кетейік, Аурелия Бушез 2011 жылдан бері Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы болып қызмет атқаруда. Оның алдындағы 20 жыл бойы Францияның СІМ-де және өзге де лауазымды қызметтерде еңбек етті.




Яндекс.Метрика