Дене шынықтыру мен спортты дамыту

ҚР Премьер-Министрі XXVI Дүниежүзілік қысқы Универсиада жеңімпаздарын қабылдады

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов желтоқсан айында Трентинода (Италия) өткен XXVI Дүниежүзілік қысқы Универсиада жеңімпаздарын қабылдады.
Астана қаласы30 Желтоксан , 17:59

Шараға олимпиаданың алтын медаль жүлдегерлері – Татьяна Осипова, Марк Старостин, Александр Малышев, Сергей Малышев; күміс медаль иегерлері – Дамир Рамазанов, Нұрсұлтан Белгібаев пен қола жүлде алған Ольга Мандрика, сонымен қатар бапкерлер құрамы қатысты.

Премьер-Министр жеңімпаздарды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматыда өтетіні белгілі. Сонымен қатар, еліміздің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге де өтініш беріп отырғаны анық.

«Бұл орындалуы тиіс үлкен шара», - деді өз сөзінде Үкімет басшысы.

Серік Ахметов спортшыларға алғыс айтып, алдағы уақыттарда тек жеңіс тіледі.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика