Халықаралық деңгейдегі кәсіби-техникалық білім беру колледждері елдің әр өңіріндегі «өрлеу нүктесіне» айналады

«Кәсіпқор» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Эльдана Садвакасова «Strategy2050.kz» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанда халықаралық деңгейдегі кәсіби-техникалық білім беру колледждерінің өңіраралық орталығы мен колледждер желісінің ашылатыны жайлы айтты.
Казахстан30 Желтоксан , 17:47

«Кәсіпқор» Холдингі елдің әр аймағында техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы бойынша 16 колледж жүйесін құрумен айналысуда.Ол өзіне Алматымен Астана қаласының екі әлемдік деңгейдегі колледжі мен Атыраудағы 4 аймақаралық колледж, Өскемен, Екібастұз, Шымкент қалаларындағы 10 әріптестік қызмет жасап жатқан колледжер.Олардың барлығына ерекше көңіл бөлінуде. Олардың барлығы Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің пішіні бойынша жабдықталады.

2050 Стратегиясында Елбасы кәсіптік және техникалық білім беруге назар аудару туралы айтқан болатын.Шетелден келген оқытушылар балаларға білім беретін болады. Алайда оларға жоғары талаптар қойылған және қатаң конкурстық іріктеу өтеді. Мәселен, ағымдағы ыжылы 50 өтініштің ішінен қарастырып екі білім беру мекемесін таңдап алдық. Олардың бірі Ұлыбританияның  PEARSON консорциумы мен Австралияның  TAFE білім мекемесі.

2013 жылдың наурыз  айынан бастап кәсіптік және техникалық білім берудің тұңғыш мекемесі жұмыс істеуде. Ол Атырау облысында мұна-газ саласына бағытталған. Онда қазір 300 студент 3 мамандық бойынша білім алуда. Барлық жұмыс әлемдік дәрежесі бар мұнай-газ индустриясы бойынша Канаданың Оңтүстік Альбертінің мамандарының көмегімен жүзеге асады.

Келесі кезекте Астана мен Алматы қалаларының колледждері тұр. Олар 2015 жылдың қыркүйегінен бастап біртіндеп қолданысқа енетін болады.

Даму стратегиясына орай әрбір білім беру мекемесінде екі серіктес бар. Оның бірі әлеуметтік, екіншісі шетелдік олар әр салаға байланысты қызмет істейді. Жұмыспен қамтушылармен меморандумға отырып, келісім шарт жасайтын боламыз. Холдинг «Центр компетенций «Самрук» ЖШС және 20 меморандум өзге компаниялармен жасалды. Олар: «Самұрық-Қазына» АҚ, «Зерде», «KAZENERGY», «СК «Базис», «BI-Group» т.б.

Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын сараптаудан өткізу сынды жұмыстар да назардан тыс қалмайды.

Мамандарды дайындау мақсатында жұмысқа тұру кепілдігін қамтамасыз ету үшін холдинг ең білікті мамандарды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Мәселен, химиялық сала бойынша холдингтің әлеуметтік серіктестерінің бірі «Біріккен химиялық компания» болып табылады. Ол Атырау облысының мұнай-химиялық технопаркі мен «Тараз» химиялық паркін инвестициялауды жүзеге асырады.

Шынымен де, Қазақстанның көп колледждері тозығы жеткен қондырғылармен жұмыс істеуде. Алайда, әлемдік деңгейдегі колледждар ең заманауи қондырғылармен жабдықталатын болады. Осының арқасында түлек өндіріс алаңында жұмысқа бірден кірісіп кете алады.

Сондықтан да шетелдік әріптес пен холдинг технологиялық циклдарды зерттеп алады. Содан кейін барып оқу жүйесін қалыптастырады. Атыраудағы аймақаралық орталық үшін холдинг SAIT Polytechnic шетелдік серіктесімен 2012-2015 жылға арналған оқу жүйесін құрастырды.

Екі колледжің барлық қуаттылығы бойынша 3000 студент білім алатын болады. Ал аймақаралық 4 колледжде біз 2800 студентті, серіктестік колледждерде 3000 студентке білім беруді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде студенттердің білім алуы мен баспаналары тегін болады.

Сондай-ақ, жаңа колледждерде қайта оқыту мен мамандардың біліктілігін арттыру курстары да өткізілетін болады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика