Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Францияның алдыңғы қатарлы 2 ЖОО Қазақстанның мемқызметкерлерін дайындауға ат салысады

2014-2015 оқу жылында Францияның алдыңғы қатарлы 2 ЖОО Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерін дайындауға ат салысады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдрасімов түлектерге диплом тапсыру барысында.
Казахстан30 Желтоксан , 17:27

«Ecole Nationale d'administration (ENA) мен Академия арасындағы әріптестік алдағы уақытта дами бермек. Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерін дайындауға Францияның ENA және I Сорбонна Париж Университеті үлес қосады», -дейді ректор.

Сонымен қатар, біріккен магистрлік білім беру шарасын ұйымдастыру бағдарламасы жаңа деңгейге көтерілмек. Бағдарлама бойынша студенттер бірінші жылдарын Академияда оқыса, екінші жылы білімдерін ЕNА университетінде білімдерін шыңдайды. Онда студенттерге I Сорбонна Париж университетінің профессорлары дәріс бермек.

Оқуды сәтті тәмамдап шыққаннан кейін түлектер үш ЖОО-ның «double degree» дипломына қол жеткізеді.




Яндекс.Метрика