100 жаңа есім

100 жаңа есім: Ахмет Аққали

Аққали Қабижанұлы Ахмет - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Мәңгілік Ел» ғылыми зерттеу орталығының директоры, қоғамтану, советтік право мұғалімі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Астана қаласы04 Тамыз , 20:48

Еl.kz ақпараты бойынша, Ы.Алтынсарин төсбелгісі Еңбек жолын 1990 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Махамбет мектеп-интернатында тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастады. 1991-2001 жылдары Махамбет ауданы және Исатай ауданы Ақтоғай орта мектебінде тарих, қоғамтану және кеңестік құқық тану пәндерінен дәріс берді және оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Педагогикалық қызметінде Аққали Қабижанұлы жас ұрпаққа білім беруде, отансүйгіштікке тәрбиелуде елеулі жетістіктерге жеткен ұстаздардың бірі. Аудан көлемінде туристік өлкетану жұмыстарының бастамашысы бола білді. 1993 жылы Ақмола (Астана) қаласында шілде айында өткен «Атамекен» тарихи-танымдық республикалық бағдарламасы аясында өткізілген «Олардың есімімен аталады» атты республикалық өлкетану слетіне шәкірттерімен қатынасып, мектептегі өлкетану бағытындағы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Педагогикалық қоғамының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына белсене қатынасуы және ұйымдастырушылық қабілеті үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Аталған  қызметте 1997 жылы Исатай ауданы бойынша «Ең үздік баяндама», облыстық «Ең үздік баяндама» байқауында жүлделі І-ші орынға ие болды. 1998 жылы ауданның «Жыл мұғалімі» байқауында жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді. Сол жылы «Ауданның жыл тарихшысы» сайысында І-ші орынды жеңіп алды.

Ал, 1998-2000 оқу жылдарында «Пікір-Сайыс» семинарына қатынасып, бағдарлама аясында өткізілген сайыстарда оқушылары жүлделі ІІ-ІІІ-ші орындарды жеңіп алып, Алматы қаласында өткізілетін сайысқа жолдама алды. А.Қ.Ахмет 2000 жылы қаңтар айында Алматы қаласында өткізілген ІІ Республикалық оқу-әдістемелік бейнефильмдер конкурсында «Ұрпақтар сабақтастығы - ұлағат бастауы» атты танымдық-тағылымдық бейнефильм түсіріп І-ші орынға ие болды. Аталған бейнефильм № 342 ҚР ББЖ КБАРИ ақпараттық-әдістемелік орталығының қорына енгізілді.

Педагогикалық қызметінде әрдайым ізденіс пен жаңашыл бағытта жұмыс жүргізген Аққали Қабижанұлы 2000 жылы наурыз айында Ыстықкөлде (Қырғызстан Республикасы) өткен «Пікір Сайыс және Мектеп: Сын тұрғысынан ойлау және пікір сайыс оқу процесінде» атты халықаралық конференцияда білім берудегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.2000-2001 оқу жылында оқу-тәрбие үрдісін жергілікті жерде ұйымдастыру мәселесіне орай «Сорос-Қазақстан» үкіметтік емес қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Мектеп жергілікті қауымда білім беру орталығы» атты байқауға қатынасып, қордың үздік жобаға тағайындаған 5 (бес) мың доллар қаражатын жеңіп алды.2003 жылы «Қаратай Нұралыұлының қоғамдық-саяси қызметі (1771-1826 жж.)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.                                                                                                          

2006 ж. Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (куәлік №99).2007-2008 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ұйымдастырған «Ұлттық идея - Қазақстанның 2007-2009 жылдарда тұрақты дамуының негізі» бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихының өткені мен болашақ үрдісіндегі ұлттық идея»  атты ғылыми жобасына «Өлкетану: Ұлттық идеяның негізі(Батыс Қазақстан мысалында)» тақырыбында қатынасып 5 000 000 (бес) млн теңге грантын жеңіп алды.

2007 жылы ғалымның «Арыс» баспасынан (Алматы) «Қаратай хан» атты монографиясы (11 б.т.),  2009 жылы «Атырау өңірі тарихы: өткені мен бүгіні» атты оқу құралы (11 б.т.),  20013 ж. «Елтаным» баспасынан «Қазақстандағы мұрағат ісі құрылысының тарихы 1918-1991 ж.ж.» монографиясы (24 б.т.), 20014 ж. «Өлке тарихынан» (Өлкетану пәні бойынша студенттерге арналған оқу құралы) (14,9 б.т.) және  «Фолиант» баспасынан «Мұрағат әлемінің тарихы» (16, 38) оқу құралы жарық көрген. А.Қ.Ахмет халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар жасаған және республикалық басылымдарда бірнеше ғылыми мақалалар жариялаған.

ЖАК доценті ( №4 хаттама. 07.12.2011 ж.) 2010 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.




Яндекс.Метрика