100 жаңа есім

100 жаңа есім: Гүлмира Абдрашева

2015 жылы негізі қаланған «Ақпейілділер клубы» волонтерлік қозғалысы бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент, сондай-ақ Қостанай және Ақтөбе сияқты қалаларда жұмыс істейді. Бірлестікті елорда тұрғыны Гүлмира Абдрашева басқарады, деп хабарлайды el.kz.
Астана қаласы04 Тамыз , 19:16

Гүлмира Абдрашева Қостанай облысының Лисаковск қаласында туған.

Ол Instagram желісінде ашық топ құрған, онда көмекке мұқтаж адамдардың толық базасы орналастырылады. Ақпейілділер клубының ұраны: "Қайда болсаң да, көмек көрсет!". Клуб қан құю қажеттігінен бастап адамдарды тасымалдауға дейін әр түрлі хабарландыруларды жариялайды.

«Көптеген адамдар менің Instagram-дағы парақшама кіріп, бізде барлығы оңай деп ойлайды» - дейді ол.

Клубтың арқасында 30-дан астам адам жұмысқа орналастырылды. Отбасында бір немесе одан да көп мүгедек балалары бар, кішкентай нәрестелері бар көп балалы отбасылар және жалғыз басты зейнеткерлер клубтың тұрақты қамқорлығында. Клуб қиын өмірлік жағдайға тап болған, бірақ жұмысқа шыға алатын адамдарға көмек көрсетеді. 

«Адамға екі қол берілген: біреуі - өзіне, ал екіншісі басқаларына көмек көрсету үшін» - дейді Гүлмира.

Ол халықтың әлеуметтік осал топтарына, мұқтаж адамдарға және даладағы жануарларға өтеусіз көмек көрсете отыра, волонтерлік және қайырымдылық қызметін іске асырады. 




Яндекс.Метрика