Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Атырау облысында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында гипохлорид натрий зауыты ашылды

Атырау облысы Индер ауданында «ТУЗ» ЖШС гипохлорид натрий зауытының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі.
Атырау30 Желтоксан , 16:33

«ТҰЗ» кәсіпкерлігі жылына 150 мың тоннаға дейінгі өндіріс қуаттылығы бар жоба дайындады, соның ішінде жылына 50 мың тонна өнім йод ас тұзы», - делінген хабарламада.

РФ кәсіпкерліктерімен әріптестік қатынас негізінде гипохлорид натрий өндірісі бойынша технологиялық құрылғыларды монтаждау, дайындау мен жеткізу келісімдері түзілді.

Зауыт құрылысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры субсидиясының несиесі есебінен жүзеге асырылды. Несие көлемі 290,3 млн теңгені құрайды.

«ТҰЗ» ЖШС директорының айтуынша, жылына кәсіпкерлік орта есеппен 30 мың тонна гипохлорид натрийін өндіретін болады.




Яндекс.Метрика