Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Түркістан қаласында бірден 5 әлеуметтік нысан ашылды

Облыс әкімі А.Мырзахметовтың Түркістанға жасаған жұмыс сапарында 5 әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты. Олар – 500 орындық қалалық орталық аурухана, 150 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, орталық кітапхана, 120 орындық «Мереке» балалар үйі мен қолданбалы өнер орталығы, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 15:59

 «500 орындық қалалық орталық аурухана құрылысы 2012 жылдың наурыз айында басталған. Құрылыс құны 967 млн теңге», - делінген хабарламада.

Жаңа ғимаратта балалар және ересектер бөлімі қызмет етеді. Сонымен қатар, әйелдерге кеңес беру мен лабораториялық-диагностикалық бөлімдер жұмыс істейді. Жаңа аурухана заманауи жаңа құрылғылармен жарақтандырылған.

Түркістанда ашылған тағы бір әлеуметтік нысан 150 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп. 304 млрд теңгелік нысан жергілікті бюджет есебінен салынған болатын.

Айта кету керек, 2014 жылы Түркістанда тағы 4 мектеп пен 1 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады.

Әкімнің қатысуымен ашылған 120 орындық «Мереке» балабақшасының құрылысына 214,5 млрд теңге бөлінген.

Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарлың игілігіне ұсынылған тағы бір әлеуметтік нысан қолданбалы өнер орталығы мен орталық кітапхана ғимараты.

«Қалалық орталық кітапхана ғимаратында оқырманға барлық жағдай жасалған. 100 адамдық оқу залы бар», - деп нақтыланған хабарламада.

Қолданбалы өнер орталығы құрылысына жергілікті бюджеттен 296,2 млн теңге бөлінген. Мұнда шеберлік жұмыстары, 2 көрме залы, оқу сыныптары мен қолданбалы өнер туындыларын саудалау бөлімі бар.

 




Яндекс.Метрика