Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Мемлекеттік басқару академиясының 7 түлегі ҚР мен Францияның бірлескен бағдарламасы бойынша диплом алды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 7 түлегі ҚР мен Францияның Ecole Nationale d'administration дипломына ие болды.Халықаралық білім беру бағдарламасының «Мемлекеттік басқару» және «Халықаралық қарым-қатынас» мамандығының дәрежесіне ие болды.
Астана қаласы30 Желтоксан , 15:49

«Біз бүгін 7 магистрантқа диплом беру рәсіміне жиналдық. Олар «Екі диплом» бағдарламасы аясында оқып шыққан болатын. Олар 2 жыл бойы білім алды. Бірі академия қабырғасында, екіншісі Франциядағы Ecole Nationale d'administration мемлекеттік басқару мектебінде», - деді Академия ректоры Болатбек Әдірасимов  салтанатты шарада.

«Біз екіжақты ынтымақтастықты 2010 жылдан бастап дамтып келе жатырмыз. ENA-мен біз Академияға керекті бағыттарды қарастырамыз. Сондай-ақ, біз оқытушыларды алмастыру арқылы тәжірибе алмасудамыз», - деді Б. Әбдрасимов.

Айта кетерлігі, Францияның ұлттық әкімшілік мектебінде Францияның 7 Президенті мен 3 Премьер-Министр оқып шықты. 




Яндекс.Метрика