Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

Қызылорда қаласында 24 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Қызылорда қаласының сыртындағы ауылда апатты жағдайдағы үйдің орнына салынған 24 пәтерлі үйдің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық әкімдігінің ресми порталы.
Қызылорда30 Желтоксан , 15:19

«Қоныс иелеріне құт тілей келе облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 4 ай бұрын апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына 2014 жылға дейін жаңа үй салып беруге уәде бергенін еске алды», - делінген хабарламада.

Нысан құрылысына 208,453 млн теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, өңір басшысының айтуынша, биыл облыс орталығындағы құрылыс жұмыстары бұрынғымен салыстырғанда 116,5 пайызға артқан. Жыл басынан бері 92,6 мың шаршы мерт тұрғын үй қолданысқа берілген.

Облыс әкімінің айтуынша, әлі де тұрғын үй мәселесі шешімін таба алмай отыр. Қызылорданың өзінде 12,5 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр.

 

 

 




Яндекс.Метрика