Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Ақтөбеде қазақ әдебиетінің классиктеріне ескерткіш қойылды

Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов көшесінде қазақ әдебиетінің классиктері, бірі-кемеңгер жазушы, бірі - айтулы ақын, екеуі де ақтөбелік, ағалы - інілі екі дос Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты болды, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе30 Желтоксан , 14:48

«Ескерткіштің авторы, жас кәсіби мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. Ескерткіштің биіктігі  6,5 метр», - делінген хабарламада.

Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері, дархан достықтың даңғайыр иелері: жазушы-драматург Тахауи Ахтанов пен айтулы ақын Қуандық Шаңғыбаев ағаларға арналған ескерткіштің ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаров, Алматыдан арнайы келген Т.Ахтановтың ұлы Дулат Ахтанов, ақын Қ.Шаңғытбаевтың қызы Гауһар Шаңғытбаева сөз сөйлеп, Ақтөбелік ағайындарға өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

 

 




Яндекс.Метрика