Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Астанада Сарыарқа ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты ашылды

Бүгін Астанада қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен Сарыарқа ауданы әкімдігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, деп елордалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Астана қаласы30 Желтоксан , 14:48

«Бұл жыл қаламызда және Сарыарқа ауданында орын алған тағы да бір жақсы оқиғамен есте қалмақ - біз әкімдіктің жаңа ғимаратының құрылысын аяқтадық. Бүгін 320 мың халқы бар аудан, қаламыздың тарихи маңызды бөлігі жаңа жарық ғимаратқа ие болып отыр. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!», - деді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде.

 «2013 жыл біз үшін табысты болды, Астананың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 7%, ол еліміздің жалпы ішкі өнімінің жалпы көлемінде 3 орын алып отыр, пайыздық көрсеткішпен айтқанда, бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің 9,4%» - деді И. Тасмағамбетов.

 




Яндекс.Метрика